"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры,Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мектеп балабақшасы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-детский сад имени Героя Советского Союза Халық Қаһарманы С.Нурмагамбетова села Енбек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету

«Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

Мектепте мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі

2023 жылы 42 қызмет көрсетілді;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 33;

қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 9.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруүшін құжаттарды қабылдау»;

        «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

        «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

         Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің  http://sc0012.akkol.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-za-2023-god ресми интернет-ресурсында қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері келтірілген. Мектепте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

         Қазіргі уақытта ішкі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің нтернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.      

        Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету  және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет жүзеге асырылуда.

         Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетуде.

         4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  2024 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша  жұмысты  жалғастыратын болады.

Мектеп директоры                 Е. Мейрамбек

Жаңартылған күні: 29.02.2024 17:12
Құрылған күні: 29.02.2024 17:20

Текст