"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры,Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мектеп балабақшасы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-детский сад имени Героя Советского Союза Халық Қаһарманы С.Нурмагамбетова села Енбек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«3-сынып математика пәнінен қолданатын әдіс-тәсілдер»

30.06.2017

 

Арыкбаева Гульмира Ерденқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек орта мектебі бақшасы

Еңбек ауылы Ақкөл ауданы Ақмола облысы

 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-деген Ғафу Кайырбеков

 

 «Математикалық

сауаттылық» - ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының

«математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шындайды.


Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.

Әдіс – оқу-тәрбие

жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен

оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы

мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға

қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді

түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.

Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен

тәжірибенің арасын жақындатады.

Тәсіл – оқыту

әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару,

оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары

тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыт тәсілдерінің түрлері:

·       

Ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды, жақсарту

тәсілдері;

·       

Мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін

тәсілдер;

·       

Оқушылардың сезімдеріне әсер ететін

тәсілдер;

·       

Жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты

басқару тәсілдері;

         Сонымен

тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.

Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, 

ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

             Математика

– барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау

мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шындай түседі және әлемде болып жатқан

жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр

түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз

бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін

кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін

дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде

бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек

Бұл әдістемелік

құрал 3 сынып математика пәні бойынша материалдары негізге алынып, тест

тапсырмалары, диктант, логикалық тапсырмалар ретінде жинақталды. Ол оқытушының

кәсіби-педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне бағытталған. Бұл әдістемелік құрал

оқушылар мен мұғалімдер үшін білім деңгейін тексеруде көмекші құрал.

Әдістемелік

құрал-өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін

арттыру мақсатына жинақтаған қосымша материалдар жиынтығы.

Бұл құралдың

мақсаты – сабақта жұмыс істеудің негізгі тәсілдері тереңірек меңгеруге

көмектесу. Қызықты логикалық тапырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін

дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Бұл құралдың

ерекшелігі математикалық тапсырмалар қызықты да еркін түрде жинақталған. Бұндай

тәсіл оқушылар үшін мәтіндік есепті шығаруды жеңілдетіп, математика пән ретінде

қандай қызықты да тартымды екенін түсінуге көмектеседі. Жалпы айтқанда, осы

есептерді шеше білу оқытудың келесі сатысында математика курсын сапалы түрде

меңгеруге жағдай жасайды, балалардың математикаға деген қызуғышылықтарын

оятады. Кітаптың әр бетін жеке карточка ретінде қолдануға болады. Оқушылардың

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген

құмарлықтарын арттыру мақсатында әр қилы логикалық тапсырмаларды күнделікті

математика сабақтарында қолданамын, олардың жас ерекшелігіне сай болуына көп

көңіл бөлемін

Просмотров: 971


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст