"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры,Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мектеп балабақшасы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-детский сад имени Героя Советского Союза Халық Қаһарманы С.Нурмагамбетова села Енбек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Онкүндік ойдағыдай өтті

28.01.2019

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына екі тілді білу сондай қажет» деп қазақ тілі мен орыс тілі жайлы айтып кетсе, заман ағымына сай қазір үш тілді, ағылшын тілін де білу сондай қажет болып отыр. Осы мақсатта, Еңбек орта мектебі-бақшасында «Тілдер онкүндігі» өткізілді. Қаңтардың 14 жұлдызынан бастау алған бұл іс-шараның алғашқы күні, мектепішілік лездеме өткізіліп, онкүндіктің ашылу салтнаты өткізілді. Лездемеде онкүндіктің жоспарымен таныстырылып, орыс, ағылшын тілдерінде жұмбақтар мен мақалдар жасырылды. Қазақтың домбырасымен әдемі күй ойналып, соңында «Қаражорға» биінен  флешмоб өткізілді.

Екінші күні, 6–7 «А» сыныбында қазақ әдебиетінен «Мағжан, Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы автор бейнесі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі  - Дүйсембай Б.Д. Сабақ барысында М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенмін» өлеңі талданып, 2019 жыл – «Жастар жылы» екені де аталып өтілді.  

16.01. күні 7 «Б» сыныбында орыс тілі пәні мұғалімі Шайхатова Р.С. «Что такое интернет?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өз сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалана білді.  17.01. күні Куатбекова Д.К. 11 «Б» сыныбымен «The American system of goverеnment» тақырыбында ағылшын тілінен ашық сабақ өткізсе, келесі күні  орыс тілі пәні мұғалімі Клышева Г.А. 6–7 «А» сыныбымен «Новогодние подарки» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті, әрі оқушыларға қызықты болды. Және сол күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсембай Е.Ж. 8-11 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс барысында әр пән бойынша сұрақтар қоюмен қатар, қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату», «Арқан тарту» сияқты ойындары насихатталды.

Онкүндіктің екінші аптасы 7 «Б» сыныбындағы қазақ тілінен өткен «Ақан сері» тақырыбындағы ашық сабақпен басталды. Пән мұғалімі Дүйсембай Е.Ж. орыс сыныбының оқушыларымен мәтін құрау, талдау жұмыстарын жаңартылған бағдарламаға сәйкес шеберлікпен алып шықты. Келесі күні 5 «Б» сыныбында Шайхатова Р.С.  «В мире русских слов» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізіп, оқушылардың орыс тілінен білімін тексерді. 

24.01. күні 5-11 сыныптардың қатысуымен «Мұзбалақ Мұқағали» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Бұл кеште ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалуымен қатар, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Оқушылар да кеш қонақтары да тағылымы мол кештен рухани нәр алып қайтты. Онкүндіктің жабылу салтанатында қорытындысы шығарылып, белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары табыс етілді.

Міне, тілдер онкүндігінің әр күнінде оқушыларға қызықты әрі пайдалы мағлұматтарға толы іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларды өткізген пән мұғалімдерінің еңбектерінің жемісі деп білеміз.Ұлы педагог К. Ушинский «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деп айтқандай, біздің мақсатымыз баланың білімге деген қызығушылығын арттыру, осындай онкүндіктер өткізу арқылы баланың білімге деген, тілге деген құштарлығын арттырамыз деп ойлаймын.

 

Гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі: Дүйсембай Б.Д.

Просмотров: 624


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст