"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры,Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мектеп балабақшасы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-детский сад имени Героя Советского Союза Халық Қаһарманы С.Нурмагамбетова села Енбек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің отбасым" Отбасы-тәрбиенің басты ұясы»

17.09.2019

«Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» атты пікірлесу дөңгелек үстелге келіп отырған ата-аналар таныстырылады.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім боатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаан әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың» қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдалығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен. Бүгінгі шарамызға пікірлесуге келген ата-аналарымызға мынадай шарттар қойылады.

Сұрақтар: (Ата-аналарға дайындалуға 1 мин уақыт беріледі.)

1) Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2) Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

3) Бала дүниеге жаман күйде келмейді, ал одан неше алуан адам шығуының салдарын қалай түсінесіз?

4) Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін не ажет деп білесіз?

5) «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?

 

Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст