"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры,Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мектеп балабақшасы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-детский сад имени Героя Советского Союза Халық Қаһарманы С.Нурмагамбетова села Енбек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мейірімділік–асыл қасиет.

12.02.2018

Мұғалiм: Сыздықова С.Қ.

1 «А» сыныбы

                                                     

Өзiн-өзi тану сабағы

Тақырып: Мейірімділік–асыл қасиет.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке , бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиеле. 
Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік , дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірін бірі сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу. Сыйластық, бақыт, сүйіспеншілік, талаптану
Ресурстар:(құралдар,суреттер, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушыларды сабаққа дайындау, демалдыруға, өзін еркін сезіндіру мақсатында «Өзіммен өзім» релаксациялық сәті жүргізіледі. Мұнда оқушылар музыка әуенімен көздерін жұмып, мұғалім айтқан сөздер арқылы ойланады.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру
С.А.Назарбаева туралы мәлімет жинау
Сұрақтар:  Сара Алпысқызы дегеніміз кім?
Сара Алпысқызын біз неге өзін – өзі тану пәнімен байланыстырамыз?
Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз. «Адамның адамшылығы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» С.А.Назарбаева
Әңгімелесу.
Оқушыларға Сара Алпысқызы туралы, өмірбаяны айтылады.
С.А.Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның қоғам қайраткері, ҚР Тұңғыш Президентінің зайыбы, Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.
Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда.
Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және колледждерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді. «Өзіңді өзің тану» атты балаларғарухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.
Әкем-біреу, анамда біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,
Олар барда – мереке. Көрген емен,
Қабақтарын шытқанын түнергенін
Әке-білек, саусағы-балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана-тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Оқушылар, олай болса осы біздің ашық сабағымызға әдейі дайындалған «Ата – ана мен бала ортасындағы махаббат» атты видеоролигімізді бірге көрейік.
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
С.Алпысқызының туған күніне деген сыйлықтар жасаймыз. Оқушыларды топпен бірге шығармашылық қабілеттерін

көрсетеді.
Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз
Нұрланамыз бәріміз
Ақ ниетпен  Пәк жүрекпен
Өмірге біз келеміз.
Қуанышты  Ізгілікті
Күн нұрындай төгеміз.
Адалдықпен  Ақиқатқа
Жүгінеміз бәріміз.
Жақсылықты Жамандықты
Айырады жанымыз.
Адамзатқа Махаббатпен
Шырқалады әніміз.
Мейіріммен Шуақ шашып
Нұрланамыз бәріміз.
Үй тапсырмасы.
Ата – анамызға, отбасымызға, бауырларымызға деген махаббатымызды сурет арқылы көрсету керек. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Просмотров: 572

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст