"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры,Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мектеп балабақшасы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-детский сад имени Героя Советского Союза Халық Қаһарманы С.Нурмагамбетова села Енбек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!

18.01.2018

                                  " Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!


    Бұл Елбасының – мақаласы  мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру

бағдарламасы деуге болады.                                                                                                      

 Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынды. Яғни, мақалада «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгіглі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деген болатын.  Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас  ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған.Өз еліне, туып-өскен жеріне, тіліне, дініне, мемлекетіне деген шынайы сүйіспеншілігі. Туған елін құрметтеп,

қадірлеу біздің басты борышымыз, оны қорғау міндетіміз. Отан-ана деп бекер айтылмаған. Анамызды қалай құрметтесек Отанымызды да солай құрметтеп және әрдайым оны қорғауға дайын болуымыз керек. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынды.

Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы,Мұнда айтылған қазақ тілін біртіндеп латын алфавитіне көшіру – заман талабы. Сол үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша  оқулықтары қазақ тілінде 100 оқулық жобасы әзірленетін болады.                                                                                                                                                                                

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.                            

 Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып

сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі.

 «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп ,бажайлап қарасақ, бұның  – мағынасы өте терең сөздер.                                                                                                                                                 Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдег

туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы

дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады. Әрбір  жердің,судың, таудың атауынан шығу тарихын кейінгі ұрпаққа айтып жеткізіп отыру керек.                                                                          

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастардыадамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады.   Біз«Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына баға бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншамазамандастарымыз бар. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.   Оқушыларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген екен. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақтың  тәрбиесіне  темірқазығы – қазақстандық патриотизм  болын саналады. Әл-Фараби  атамыздың әдемі сөзі бар:  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,  тәрбиесіз берілген білім адамзаттың жауы, ол  келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
Өскелең ұрпаққа адамзат тарихына да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дамыту – қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

 

  Тәрбие ісініңмеңгерушісі    С.Сыздықова.                                                                                               

Еңбек орта мектеп-бақшасы Еңбек ауылы.

Просмотров: 584


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст